08.11.2018, 16:37 6403

Қазақстанда жаӊадан салынған үйді де, қолданыста болған, бұрын салынған үйді де иеленуге мүмкіндік беретін бағдарлама іске қосылды

Баспана Хит бағдарламасында мұндай шарт жоқ, меншігіӊізде пәтер бола тұра жаӊа үйге де, бұрын салынған тұрғын үйге де ипотека алуға болады. Баспана Хиттыӊ жалғыз ғана шектеуі - өтелмеген басқа ипотекалық кредитіӊіз болмауы тиіс.

Алматы. 8 қараша. Kazakhstan Today - Баспана Хит расымен де хитке айналды. "Баспана" ипотекалық ұйымыныӊ колл-орталығы күн сайын жүздеген қоӊырау қабылдайды, әлеуметтік желілер және сайттағы кері байланыс түрі арқылы келіп жатқан сұрақтар легі толастар емес.

Баспана Хит бағдарламасы бойынша қазақстандықтарды барынша қызықтырған сұрақтарды бір шолып өтіп, ипотекалық ұйым басшысы Қайрат Алтынбеков бар ойын үш тезиске сыйғызды.

1. Жаӊа да, ескі үй де жарайды

Иә, дәл осылай. Баспана Хит жаӊадан салынған үйді де, қолданыста болған, бұрын салынған үйді де иеленуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, егер сіз пәтерді жаӊа салынған үйлер нарығынан сатып алғыӊыз келсе және басыӊызда тіркелген үй болмаса 7-20-25 бағдарламасына назар аударуға кеӊес берер едім. Ал атыӊызда үй болса, онда сіз 7-20-25-ке қатыса алмайсыз. Баспана Хит бағдарламасында мұндай шарт жоқ, меншігіӊізде пәтер бола тұра жаӊа үйге де, бұрын салынған тұрғын үйге де ипотека алуға болады. Баспана Хиттыӊ жалғыз ғана шектеуі - өтелмеген басқа ипотекалық кредитіӊіз болмауы тиіс.

2. Клиент үшін пайыз үстемесі өзгермейді

Қазір Баспана Хит бағдарламасыныӊ номиналды үстемесі жылына 11%-ды құрайды. Үстеме Ұлттық банкініӊ базалық ставкасына тікелей байланысты, тек оған 1,75 пайыз қосылады. Бүгінгі күні Ұлттық банкініӊ базалық ставкасы 9,25%-ды құрайды. Демек, соған 1,75%-ды қосамыз да,11% мөлшеріндегі қорытынды үстемені аламыз. Мысалы, егер ертеӊ Ұлттық банктіӊ базалық ставкасы 6 пайызға түссе, Баспана Хиттыӊ жылдық пайызы 7,25%-ды құрар еді. Мұндай жағдайда бізге мынадай сұрақтар көп түсуде, азаматтар Баспана Хит бойынша кредит алып қойғаннан кейін оны өтеу барысында жылдық ставка өзгеріп кетпей ме деп алаӊдап жатады. Жоқ, шарт жасалған кезде көрсетілген ставка сол ипотека төленіп біткенше өзгермейді.

3. Баспана Хит бойынша ипотекалық кредитті қайдан алуға болады

Бүгінгі күні біз Баспана Хит бағдарламасы бойынша екінші деӊгейлі бес банкпен қосымша келісімге отырдық. Олар Цеснабанк, Халық банк, Банк ЦентрКредит, BankRBK және Еуразиялық банк. Жуырда тағы екі банк қосылады деп отырмыз. Осылайша Қазақстанныӊ 7 ірі банкі сіздерге Баспана Хит бағдарламасы бойынша ипотека беруге дайын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны