27.04.2011, 13:53 5205

Қазақстанда жанармай бағасы көтерілуі мүмкін

Қазақстанда жанармай бағасы көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 27 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда жанармай бағасы көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ресейдегі бензин дағдарысының салдарынан автокөлік жанармайы Қазақстанда да қымбаттауы мүмкін. Мұны Республиканың Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев жоққа шығармайды. Ең алдымен жоғарғы октанды бензиннің бағасы шарықтауы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бензин бағасының күрт қымбаттауынан кейін бірнеше, оның ішінде көрші елдің шекаралас облыстарында қазірдің өзінде көптеген жанармай құю бекеттері жабылып қалды. Ал қалған жанармайлар тек арнайы талондармен - бір адамға 20 литрден аспайтын көлемде босатылуда.

Сонымен бiрге жоғарғы октан жанармайының үштен бiрiнен астамы Қазақстанға Ресей Федерациясынан әкелінеді. Өзінің сапалы жанармайын өңдеуге республикада өндіріс қуаттары жоқ. Сайып келгенде, барлық ресей бензиндері таяуда қымбаттауы мүмкін. Мысалға, 93 маркалы бензин көрші елдердің көптеген аймақтарында күні кеше 5 рублге, яғни 25 теңгедей қымбаттады.

Фото: newskey.ru

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны