25.05.2007, 15:51 2990

Қазақстанда жазда түрмеде есірткі таратудың алдын алу жөніндегі бағдарлама жүзеге асырыла бастайды

АСТАНА. 25 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанда осы жылдың жазында бас бостандығынан айыру орындарында есірткі таратудың алдын алу жөніндегі бағдарлама жүзеге асырыла бастайды, аталмыш бағдарлама бұрындары Польша мен Қырғызстанда енгізілген АҚШ-тың "Атлантис" бағдарламасы тектес. Бұл туралы бүгін өткен брифингте халықаралық BOMKA/KADAP бағдарламасының (Орталық Азиядағы есірткінің таралуының алдын алу мен шекара басқаруда Еуропалық одақтың көмек көрсету бағдарламасы) менеджері Имір Елшібеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мамандарымен бірлесе отырып Астана, Павлодар және Семейдегі үш колонияны тексердік және бүгінде бұл бағдарламаны жүзеге асыруға ең қолайлысы Павлодар колониясы деп санаймыз. Пилотты жоба осы жылдың жазында енгізіледі деп ойлаймын",- деді И. Елшібаев.

Ол "бұл бағдарламаға жұмсалатын қаржы шамамен - 250 - 300 мың евро" екендігін хабарлады. "Бұған колониядағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, құрал-жабдықтар мен жиһаздар сатып алу, сонымен қатар Астана, Павлодар және Семей колонияларының қызметкерлерін Польша мен Қырғызстанда оқыту және шетелдік мамандардың сабақтар өткізу үшін бізге келуі кіреді",- деп түсіндірді Еуропалық одақ бағдарламасының менеджері.

И. Елшібековтың айтуынша, бағдарламаның мәні - емделуге дайын адамдарды колония ішінде құрылған кішігірім емханаға жатқызу. "Бұл емделуге ынталандыру болып табылады - яғни есірткіге тәуелділіктен құтылуға шешім қабылдаған сотталушыға басқаларға қарағанда жақсырақ жағдай жасалады",- деген сенімде ЕО бағдарламасының менеджері.

Ол "бағдарламаның адам түрмеге келген сәттен бастап , ол бостандыққа шығарылуынан кейін де жұмыс істейтіндігін" атап көрсетті. "Павлодарда есірткіге тәуелділерге арналған сауықтыру орталығы бар, ондағы мамандар бұл бағдарламаға қосылған, олар сотталған адамды емдеу бойынша және оның колониядан шыққаннан кейін әлеуметтік бейімделуі бағытында да жұмыс істейді",- деп қосты И. Елшібеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны