24.04.2012, 10:49 3784

Қазақстанда жыл сайын 7 млн. ш.м. баспана салынады

"Қолжетімді баспана" бағдарламасын жүзеге асыру бірнеше мәселені шешеді. Молынан үй салынып, отандық өндіріс дамиды. Жұмыс орындары көбейіп, импорттың көлемі азаяды".

Қазақстан/баспана /салынады

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда жыл сайын 7 млн. ш.м. баспана салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қолжетімді баспана" бағдарламасын жүзеге асыру бірнеше мәселені шешеді. Молынан үй салынып, отандық өндіріс дамиды. Жұмыс орындары көбейіп, импорттың көлемі азаяды.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіндегілер осылай дейді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында жас отбасыларды тұрғын үймен қамту үшін жеңілдіктер жасалмақ. Жас отбасылар үшін тағы бір мүмкіндік. Соңғы тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламада категориялар алынылып тасталды. Енді президенттің тапсырмасымен "Қолжетімді баспана" жобасы арқылы жас жанұяларға жеңілдетілген жолмен үй алуға жағдай жасалмақ. Алдын ала есептеулер бойынша, әр сайынғы төлем 30 мың теңге шамасында болады.

"Сегіз жарым жыл бойы жас отбасы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" ақша салып, сол уақыт аралығында жалға алған үйде тұра береді. Кейін бұл баспананы сатып алуға болады, ал ақшасы жетпей қалған жағдайда 4 пайызбен 15 жылға займ беріледі. Несиенің жалпы уақыты 23 жылды құрайды, берешекте ерте жабуға да болады",- деп мәлім етті ТКШ және құрылыс жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Николай Тихонюк.

Егер жалғыз баспанасы апатты жағдайда тұрса, ол адамдарға да басымдық беріледі. Изірге бұл жеңілдіктен Астана мен Маңғыстау облысының тұрғындары ғана үміттене алады. Қазіргі әлеуметтік жағдайлы ескеріп, құрылыс агенттігі жайлылығы бойынша 4 классты тұрғын үй салуды ұсынып отыр. Жалпы алғанда, "Қолжетімді баспана" бағдарламасы аясында салынатын үйлердің шаршы метрі 70 мыңнан бастап 150 мың теңге шамасында болады. Құрылыс кезінде қазақстандық өнімді қолдану - бағаның арзандауына әсерін тигізеді дейді мамандар. Алдағы екі жылдың ішінде елімізде бұған дейін сырттан әкелінген материалдары шығаратын 35 жаңа жоба іске қосылады.

"Икімдіктермен бірлесіп тиімді жұмыс істеу жағын ойластыруымыз керек, яғни, инвесторларды қандай жобаларға тартамыз, кәсіпорындарды қандай аймақтарға саламыз деген мәселелерді шешу қажет",- деді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев.

Құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарға мемлекет қолдау көрсететін болады, гранттар бөліп, кедендік және фискальды жеңілдіктер жасайды. Осылайша бірнеше мәселе шешіледі. Молынан баспана салынып, отандық өндіріс дамиды. Жұмыс орындары көбейіп, импорттың көлемі азаяды. Индустрия министрлігіндегілер осылай пайымдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны