28.09.2015, 19:07 4612

Қазақстанда ЖРВИ, тұмау және пневмококты инфекцияға қарсы алдын алу айлығы басталды

2015 жылғы 28 қыркүйек пен 28 қазан аралығында Қазақстанда алғашқы медико-санитарлық көмек ұйымдарында өтетін айлық шеӊберінде ашық есік күндері ұйымдастырылатын болады. Азаматтар жедел респираторлық вирустыӊ, пневмококты инфекциялар және тұмаудыӊ алдын алу шаралары бойынша тегін кеӊес ала алады

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 28 қыркүйек пен 28 қазан аралығында Қазақстанда алғашқы медико-санитарлық көмек ұйымдарында өтетін айлық шеӊберінде ашық есік күндері ұйымдастырылатын болады. Азаматтар жедел респираторлық вирустыӊ, пневмококты инфекциялар және тұмаудыӊ алдын алу шаралары бойынша тегін кеӊес ала алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жұмыс орындарында ақпараттық-ағарту материалдарын тарататын медициналық қалашықтар ұйымдастырылатын болады. Денсаулық мектептері мен жастар орталықтарында жеке гигиенаны сақтау, ЖРВИ-діӊ, тұмау мен пневмококты инфекциялардыӊ алдын алу бойынша сабақтар өтеді. Сондай-ақ, балалар үйлерінде, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, оқу ордаларында сурет, театрландырылған қойылымдар, спорттық ойын түрлерінен байқаулар өткізіледі.

Айлықты өткізудіӊ басты мақсаты - халықты, оныӊ ішінде ауруға шалдығу қаупі жоғары тұлғаларды, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді қоғамдық және жеке қорғану шаралары туралы, аурудыӊ асқынуын алдын алу үшін уақытылы медициналық көмекке жүгінудіӊ қажеттілігі туралы құлақтандыру.

Тұмау - негізінен мұрын, тамақ, жоғарғы тыныс жолдарын, кейде өкпені зақымдайтын вирустық инфекция. Идетте ауру аптаға жуық созылады. Оған дене қызуыныӊ күрт көтерілуі, бұлшықет және бас ауруы, қатты әлсіздену, жөтел, тамақтыӊ ауруы мен ринит сынды белгілер тән.

Вакцинация көмегімен ауруды болдырмауға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аяғы ауыр әйелдерге жүктіліктіӊ кез келген кезеӊінде, балаларға 6 айдан бастап 5 жасқа дейін, қарт адамдарға 65 жастан бастап және одан жоғары, созылмалы аурумен ауыратын және денсаулық сақтау саласыныӊ қызметкерлеріне жыл сайын вакциналауды ұсынады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны