08.06.2016, 19:59 4226

Қазақстанда жүргізуші куәліктерін автомектептерде оқымай алуға рұқсат берілді

Қазақстандықтар автомектептерде оқымай және тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

Астана. 8 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар автомектептерде оқымай және тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ мамандандырылған ХҚКО-ларында қазақстандықтар автомектептерде оқымай және тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алатын өзгерістер күшіне енді", -делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Жаӊа қағидалар "А" және "В" санатындағы, сондай-ақ "А1" және "В1" кіші санатындағы жүргізуші куәліктеріне таратылады.

Азаматтар үшін жүргізуші куәліктер алу процедураларын жеӊілдетін өзгерістер көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа енгізілді.

"Егер бұрын мысалы, сіз Петропавл қаласында тіркелген болсаӊыз, жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін тұрақты тіркелген жеріӊізге баруыӊыз керек еді, енді сіз өзіӊізге ыӊғайлы қаланыӊ мамандандырылған ХҚКО-да ала аласыз", - деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ төрағасыныӊ орынбасары Нұрбек Оршубеков. Ол жаӊа енгізілім қызметті алушылардыӊ уақыты мен қаржысын маӊызды үнемдеуге жол беретінін айтты.

Мемлекеттік корпорацияда еске салып өткендей, жүргізуші куәлігін алу үшін 083/У нысанындағы медициналық анықтаманы ұсыну қажеттігін естеріӊізге саламыз. Қазақстандықтар медициналық қараудан мамандандырылған ХҚКО-лардыӊ ғимараттарында өте алады, онда бұл үшін арнайы медициналық кабинеттер, сондай-ақ психиатр мен наркологтыӊ кабинеті жұмыс істейді.

Үміткер жүргізуші куәлігін алғаш рет алған кезде екі емтихан тапсырады. 40 сұрақтан тұратын теоретикалық емтихан және автодромда 12 жаттығудан тұратын практикалық емтихан. Ирбір үміткердіӊ емтиханды 3 ретке дейін тапсыру мүмкіндігі бар. Ирекеті үш рет сәтсіз болған жағдайда, кандидат соӊғы емтихан өткізілген күннен бастап алты айдан кейін келесі емтиханға жіберіледі.

Бүгінгі таӊда Қазақстанда 11 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, олар Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай және Ақтөбе қалаларында. Жылдыӊ басынан бастап жүргізуші куәліктерін беру бойынша 94 636 қызмет көрсетілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны