08.08.2012, 10:49 3415

Қазақстанда Журналист этикасының жаңа кодексін дайындалуда

Мәдениет және ақпарат министрлігіне журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, Журналист этикасының жаңа кодексін дайындау тапсырылды.

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда Журналист этикасының жаңа кодексін дайындалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігіне журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, Журналист этикасының жаңа кодексін дайындау тапсырылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ жұмысы Журналист этикасының ұлттық кодексінің стандарттарына негізделуі керек екенін, сондай-ақ тұтынушыны ескірген және күмәнді ақпараттардан сақтандыратын заңды нормалар туралы ерекше атап өткен болатын.

Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың айтуынша, мұндай құжат тұңғыш рет 1997 жылы жасалып, ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынас туралы ақпарат таратуға қатысты болған.

"Біздің қоғам үшін стратегиялық боп саналатын осы мәселе жаңа Кодексте де көрініс табады және осы тақырып бойынша журналистердің ерекше дербес құқықтығының қалыптасуына негіз болады", - деді Мыңбай.

Бүгінде Қазақстанның Журналистер одағы Бас редакторлар клубымен бірлесе отырып аталмыш құжаттың негізгі қағидаларын талқылауға қызу кірісті.

"Журналистердің өздері дайындаған Этика кодексі ақпарат өрісінде адал бәсекелестік пен кәсіби тұрғыдан өзін-өзі реттеудің негізі болатынына сенімдімін", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны