10.11.2018, 22:10 4733

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім":Ғалымбек Жақсылықов

Ғалымбек Жақсылықов "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жалпыұлттық жобасына Қызылорда облысынан үміткер. Жастайынан кәсіпкерлікпен айналысып, бұл саланыӊ қыр-сырын меӊгерген Ғалымбек Жақсылықов қазіргі таӊда Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры, "Аквалайн" ЖШС-ніӊ құрылтайшысы.

Қызылорда. 10 қараша. Kazakhstan Today - "Kazakhstan Today" ақпараттық агенттігі "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында Елбасы ұсынған "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына қатысушыларды таныстырып отыруды ұйғарды.

Қай салада болмасын белсенділік танытып жүретін, кәсіпкерлік саласында мол тәжірибесі бар Ғалымбек Жақсылықов "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жалпыұлттық жобасына Қызылорда облысынан үміткер. Жастайынан кәсіпкерлікпен айналысып, бұл саланыӊ қыр-сырын меӊгерген Ғалымбек Жақсылықов қазіргі таӊда Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры, "Аквалайн" ЖШС-ніӊ құрылтайшысы.

Ол 1977 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ Қызылорда ауыл шаруашылығы техникумын "Шаруашылық қызметіне бухгалтерлік есеп және талдау жүргізу", Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Агробизнестегі экономика және менеджмент" мамандықтары бойынша бітірген. Білімін шыӊдауды ешқашан кеш санамаған кәсіпкер Алматы менеджмент Университетініӊ МВА бағдарламасын (Іскер әкімшілік магистрі) аяқтаған.

"Жігітке жеті өнерде аз" дегенді ұстанатын Ғалымбек Жақсылықов жас күнінен спортпен айналысып, оныӊ ішінде каратэ-до және күрес түрлерінен спорт шебері. Ол "Қызылорда облысыныӊ каратэ-до және күрес өнерлері Федерациясы" ҚБ-ніӊ төрағасы. Сондай-ақ Қызылорда қалалық мәслихатыныӊ депутаты, облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер Кеӊесініӊ, Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасы Өӊірлік кеӊесініӊ мүшесі, Өӊірлік кеӊес төрағасыныӊ орынбасары қызметтерін қатар алып жүр. 2015 жылдан "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалыныӊ жанындағы Кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі өӊірлік қоғамдық кеӊестіӊ төрағасы.

Ғалымбек Жақсылықов қалалық мәслихаттыӊ депутаты ретінде өзі сайланған ауылдыӊ абаттануына және ауыл тұрғындарына қайырымдылық көмектерін жасап келеді.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасына басшы болып келгелі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды. Жер телімдерін бизнес өкілдеріне аукцион арқылы беру туралы бастамасы республика көлемінде тыӊ жаӊалық болып, Үкімет, "Атамекен" ҰКП тарапынан қолдауға ие болып, бүгінде өзге өӊірлерге де енгізілуде.

Ғалымбек Жақсылықовтыӊ іскерлік әлеміндегі еӊбегі өзінен кейінгі жастарға үлгі. Оныӊ қазіргі күні атқарып жүрген жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны