10.11.2018, 22:20 5105

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім": Венера Гафурова

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ екінші кезеӊі бойынша үміткерлердіӊ қатарында Қызылорда облысыныӊ кәсіпкері Венера Гафурова бар. Қашанда қолдан келген көмегін аямай, қайырымдылық шараларына қатысып, мұқтаждарға қол ұшын созатын Венера жаны жомарт жан.

Қызылорда. 10 қараша. Kazakhstan Today - "Kazakhstan Today" ақпараттық агенттігі "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында Елбасы ұсынған "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына қатысушыларды таныстырып отыруды ұйғарды.

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ екінші кезеӊі бойынша үміткерлердіӊ қатарында Қызылорда облысыныӊ кәсіпкері Венера Гафурова бар. Қашанда қолдан келген көмегін аямай, қайырымдылық шараларына қатысып, мұқтаждарға қол ұшын созатын Венера жаны жомарт жан.

Ол Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ мүшесі. Татар этно-мәдени бірлестігініӊ белсенді мүшесі ретінде үнемі мәдени-көпшілік шараларға қатысады. Илеуметтік жауапкершілікті сезінген кәсіпкер мұқтаж жандарға қол созып, қайырымдылық шараларға бастамашылдық танытады. Беделді де, белсенді нәзікжан бүгінде 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Илеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларына, мүгедек жандарға қаржылай дәрі-дәрмек және материалдық көмек көрсетеді.

Венера Гафурова Қарағанды облысы су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы көмек қолын созғандардыӊ бірі. Аймақтағы "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылына тұрақты көмек беріп келеді. 2016 жылы Қызылорда облысы әкімініӊ Алғыс хаты мен Құрмет грамотасыныӊ иегері атанды. ІІІ республикалық меценаттар форумында "Жомарт жан" медалімен марапатталған.

Ол 1989 жылы 9 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Т.Рысқұлов атындағы "Нархоз" Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша, 2013 жылы "МАБ" Халықаралық Бизнес Академиясыныӊ магистратурасын бітірген.

Алғаш еӊбек жолын "Торғай Петролеум" АҚ-да экономист қызметінде бастаған ол 2007-2013 жылдары "Энергомонтажавтоматика" ЖШС қаржы директоры лауазымында болды. Бес жылдан бері мұнай өнімдерін көтерме сататын "Alef trade" ЖШС директоры қызметін атқарады, сондай-ақ ол "Персона" сұлулық салоныныӊ иесі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны