22.10.2018, 15:04 4930

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасыныӊ екінші кезеӊіне қатысушы Бақытбек Жамантаев

Білікті дәрігер Б.Жамантаев 2015 жылы облыстағы "Жылдыӊ үздік дәрігері" номинациясыныӊ иегері.

Қызылорда. 22 қазан. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: Рухани жаӊғыру" мақаласында айтылғандай, жастардыӊ үлгі алуына, заманауи Қазақстанныӊ келбетін танытуға мүмкіндік беретін "100 жаӊа есім" жобасыныӊ ІІ кезеӊіне келесі үміткер қызылордалық Бақытбек Жамантаев.

Ол амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухана" ШЖҚ КМК-на қарасты хирургия бөлімініӊ меӊгерушісі, жоғарғы санатты дәрігер-хирург.

Бақытбек Мырзабекұлы 1972 жылы 17 мамырда Шиелі ауданы, Алғабас ауылында туған. Ол Қызылорда медициналық училищесін үздік бітірген. Сонымен қатар, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтыныӊ емдеу ісі мамандығы бойынша білім алған.

Дәрігерлік еӊбек жолын Шиелі аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. Ир жылдары аудандық аурухана бас дәрігерініӊ емдеу ісі жөніндегі орынбасары, "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС-ніӊ "Демеу-Шиелі" филиалыныӊ медициналық-санитарлық бөліміне дәрігер-хирургы, медициналық-санитарлық бөлімніӊ бас дәрігері болып еӊбек етті. 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы" МКҚК хирургия бөлімініӊ меӊгерушісі қызметін атқаруда.

Бақытбек Мырзабекұлы білікті маман ретінде медицинаныӊ еӊ үздік жетістіктері мен технологияларын игеріп, жұмыс барысында кеӊінен пайдаланады. Ол республикалық, облыстық деӊгейдегі хирургиялық диагностика және емдеу тәсілдеріне байланысты ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, баяндамалар оқыған. Волейбол, футболмен белсенді айналысады, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ құрама командасыныӊ мүшесі. Білікті дәрігер Б.Жамантаев 2015 жылы облыстағы "Жылдыӊ үздік дәрігері" номинациясыныӊ иегері. Ир жылдары аудандық, облыстық деӊгейдегі алғыс хаттармен марапатталған. Ол өз саласыныӊ мықты маманы ретінде көпшіліктіӊ алғысына бөленіп жүрген азамат.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны