28.04.2018, 00:43 4670

Қазақстандағы алғашқы кадаверлік орталық Марат Оспанов атындағы БҚММУ-де ашылды

Батыс Қазақстандағы еӊ ірі медициналық университет басшылығы қоршаған ортаға әсерін төмендету, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау және экологиялық қолайсыз аумақтарды сауықтыру үшін ғылыми және әдіснамалық негіздерді дамытуда бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударады. Мәселен, ағымдағы жылы өз қаражатынан ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға 112 млн. теӊге бөлінді.

Орал. 28 сәуір. KazakhstanToday - Марат Оспанов атындағы БҚММУ-де маӊызды орталықтыӊ ашылуы "Үздіксіз медициналық-кәсіби білім беруді интернационалдандыру: Болашаққа көзқарас" халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы аясында өтті.

Батыс Қазақстандағы еӊ ірі медициналық университет басшылығы қоршаған ортаға әсерін төмендету, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау және экологиялық қолайсыз аумақтарды сауықтыру үшін ғылыми және әдіснамалық негіздерді дамытуда бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударады. Мәселен, ағымдағы жылы өз қаражатынан ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға 112 млн. теӊге бөлінді.

Университеттегі профессорлық-оқытушылық құрамыныӊ әлеуетін арттыру үшін кадаверлік орталық құрылды. Хирургтерді оқыту бойынша инновациялық жобаныӊ негізгі мақсаты кадаверлік материалдағы нейрохирургиялық, абдоминалдық, торакалды операцияларын дамытуда қолмен жұмыс жасау мануалдық дағдыларын жетілдіру болып табылады. Бүгін студенттерге мастер-класс өткізілді.

Кадаверлық орталықты медицина университеті студенттері ғана емес, Ресей өӊірлерінде медициналық білім алған болашақ дәрігерлер де осы жерде қолдануға болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, БҚММУ -де "LMS NEUROPLAN" оптикалық модулі бар хирургтарға арналған навигациялық жүйе іске қосылды.

Жалпы, конференция аясында екі күн ішінде қатысушылар инновациялық білім беру технологияларын қолдану тәжірибесін бөліседі, халықаралық талаптарға сәйкес маман дәрігердіӊ клиникалық дайындығыныӊ сапасын арттырады. Оқу үрдісінде клиникалық пәндер бойынша стандартталған пациенттер, сондай-ақ манекендер, муляждар, тренажерлар, симуляторлар, автоматтандырылған виртуалды модельдер, интерактивті оқыту компьютерлік бағдарламалар, аудио-видео материалдарды қолданумен виртуалды (симуляциялық технология) оқытуға ерекше көӊіл бөлінеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны