02.02.2007, 18:36 3669

Қазақстандағы қан құю қызметінің ахуалы Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдайдың еліміздің басқа аймақтарында қайталанбауына кепілдік бермейді - ЮНИСЕФ

АСТАНА. 2-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры өкілдігінің басшысы Александр Зуевтің пікірінше, республикадағы донорлық ахуал Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтыру жағдайының еліміздің басқа аймақтарында қайталанбауына кепілдік бермейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Еліміздегі қан құю қызметінің ахуалы, қан құюдағы, донорлық проблемалар кез-келген болжамды аса сақтықпен жасауға итермелейді, бүгін күні ешкім де ОҚО-дағы жағдайдың еліміздің басқа аймақтарында қайталанбауына кепілдік бере алмайды",- деді А. Зуев парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінен кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, А. Зуев Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған балалар мен аналардың саны бүгінгі күні "нақты", деп санайды. (Соңғы мәліметтер бойынша, ВИЧ індетін 89 бала, 12 ана жұқтырған.) "Біз бұл көрсеткіш айтарлықтай өседі, деп айта алмаймыз, мүмкін 2-4 баладан табылар, бірақ бұл сан одан көп аспайды",- деді Балалар қорының өкілі.

А. Зуев, сенат спикерімен кездесуінде ЮНИСЕФ-тің ВИЧ індетін жұқтырған балаларға көмек көрсетуін жалғастыратындығы туралы мәселелердің көтерілгенін хабарлады. "ЮНИСЕФ Оңтүстік Қазақстан облысында уақытша кеңсесін ашып, оған коммуникациялық мәселелер жөніндегі мамандар келді, жақын арады балалардың құқығын қорғаумен айналысатын мамандар бармақ, себебі ВИЧ індетін жұқтырған балалар қоғамда ешқандай кемсітушілік көрмеуге тиіс",- деді ЮНИСЕФ өкілі.

"Біздің сенат спикерімен бірлесе отырып талқылаған негізгі мәселеміз ЮНИСЕФ-тің ана мен баланы қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіруді қолдауға байланысты жұмысы жөнінде болды",- деді А. Зуев. "Біздің халықаралық және ұлттық сарапшыларымыз осы бағытта көптеген жұмыстар атқарды, Қазақстан заңының халықаралық міндеттемелерге сай болуына толық талдау жүргізді",- деді ол.

А. Зуевтің сөздеріне сүйенсек, осы кездесу барысында сәуір айында өтетін әлеуметтік сектордағы бюджеттік қаржыны пайдаланудың тиімділігі жөнінде конференцияны ұйымдастыруға байланысты мәселелер де қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны