27.03.2007, 11:56 2731

Қазақстандағы ұлттық университеттерді аккредитациялауға Еуропа мен АҚШ-тың жетекші агенттіктері тартылады

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандағы ұлттық бес университетті аккредитациялауға Еуропа мен АҚШ-тың жетекші агенттіктері тартылады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен отырыста еліміздің білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Агенттіктермен арадағы келіссөздер ағымдағы жылы басталады. Ал 2010-жылы аталған бес жоғары білім ошағында интитуционалдық аккредитация жүргізу жоспарда бар",- деді министр.

Осы орайда еске салсақ, 2008-2009-жылдарда Ил-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жекелеген білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациядан өткізу жоспарланып отыр.

2008-жылы жеті білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациядан өткізуге бюджеттен 136,5 млн теңге, ал 2009-жылы үш білім беру бағдарламасына 58,5 млн теңге бөлу межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны