29.04.2016, 23:55 5228

Қазақстандық ардагерлерге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі - ДСИДМ

"ҰОС 71 жылдық мерекесі қарсаӊында ардагерлерді қолдау шаралары мен оларды құттықтау мақсатында жергілікті атқару органдары іс-шаралар жоспарын жасады. Икімдіктердіӊ мәліметі бойынша, ардагерлерге бір реттік материалдық көмек көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теӊге қарастырылған"

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстандық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҰОС 71 жылдық мерекесі қарсаӊында ардагерлерді қолдау шаралары мен оларды құттықтау мақсатында жергілікті атқару органдары іс-шаралар жоспарын жасады. Икімдіктердіӊ мәліметі бойынша, ардагерлерге бір реттік материалдық көмек көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теӊге қарастырылған", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен бірге, ҰОС мүгедектері шипажай-дауажайда емделуге, протездеу медициналық құралдарымен, протездік-ортопедиялық жабдықтармен қамтамасыз етуге, сурдожабдықтар мен өзге де компенсаторлық жәрдемші құралдармен, тісті протездеумен, міндетті гигиеналық заттармен, кресло-арбамен, дәрілік заттармен бірінші кезекте қамтамасыз етілетін болады.

ДСИДМ мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша ағымдағы жылдыӊ басынан бері жергілікті бюджеттер қаражатынан 14,9 мыӊ ардагерге (ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне, оларға теӊестірілген тұлғаларға, тыл еӊбеккерлеріне) 320,8 млн теӊге көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетілді.

2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 3668 - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 176342 - ҰОС жылдарында тылда жұмыс істегендер; 220 - қоршауда болған Ленинград тұрғындары; 548 - кәмелетке толмаған кездерінде концлагерьлерде, гетто және басқа да мәжбүрлі орындарда болғандар; 110 - ҰОС кезіндегі әскери қызметкерлер, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, қайтыс болғандардыӊ (із-түссіз жоғалып кеткендер) қайта үйленбеген жұбайлары; 9386 - қайтыс болған соғыс мүгедектердіӊ әйелдері бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны