06.04.2016, 11:47 3814

Қазақстандық әскери химиктер шешуші іріктеуге дайындалуда

Бұл күндері Қапшағай қаласындағы 65476 әскери бөлімініӊ базасында ҚР ҚК Құрлық әскерлері құрамында үздік экипаждарды іріктеуде "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығынан атынан шығатын үздік экипаждар іріктелініп алынады. Байқауға өӊірлік қолбасшылық бөлімдерініӊ ауқымында сайыстыӊ өткізілуі барысында іріктелінген үздік экипаждар тартылады

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - 35804 әскери бөлімініӊ базасында "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығындағы радиациялық, химиялық және биологиялық барлаудыӊ үздік экипаждарын іріктеу бойынша "Қауіпсіз орта - 2016" байқауына іріктеу айналымы өткізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл күндері Қапшағай қаласындағы 65476 әскери бөлімініӊ базасында ҚР ҚК Құрлық әскерлері құрамында үздік экипаждарды іріктеуде "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығынан атынан шығатын үздік экипаждар іріктелініп алынады. Байқауға өӊірлік қолбасшылық бөлімдерініӊ ауқымында сайыстыӊ өткізілуі барысында іріктелінген үздік экипаждар тартылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Яғни, 35804 әскери бөлімінен 4 есептоп және 10810 мен 27943 әскери бөлімдерінен бір-бір есептоптан қатыстырылады. Байқаудыӊ алғашқы күні қатысушылар медициналық тексеруден өтіп, бағдарды еӊсеру сызбаснұсқасы мен іс-қимыл тәртібін алды, сондай-ақ АРД жолағында жаттығулар орындады. Искери қызметшілер байқаудыӊ үш кезеӊінен, яғни, жеке жарыс, эстафета және атыс даярлығынан өтеді.

"РХБҚ әскерлері әскери қызметшілерініӊ алдында жергілікті жерде уландырғыш заттарды, азық-түлікті, техниканы айқындау бойынша біршама тапсырма тұр. Ол үшін бізде арнайы техника, машиналардағы аспаптар бар. Біз ауаныӊ радиобелсенді жұқтырылуын, биологиялық тұрғыда ауада, жер қыртысында, тіпті жәндіктерде анықтай аламыз. Байқау алдында біраз толқып тұрмыз. Алайда, алғаш рет қатысып тұрсақ та, жеӊісті қолдан бермейміз", - деп 35804 әскери бөлімініӊ бөлімше командирі сержант Ринат Седых радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлеріндегі қызметтіӊ ерекшеліктері туралы айтып берді. 35804 әскери бөлімінен байқауға іріктелініп алынған экипаждарды дайындаған және қатыстырған батальон сержанты 2-сыныпты сержант Ерболат Бүргенов.

Қазақстан Қарулы Күштері РХБҚ әскерлерініӊ әскери қызметшілері Армия халықаралық ойындары шеӊберінде "Қауіпсіз орта" байқауына тұӊғыш рет қатысқалы отырғанын айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны