08.06.2015, 14:49 3905

Қазақстандық әскери музыканттар Санкт-Петербургте өтетін "Труба мира" II-халықаралық фестиваліне аттанады

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери музыканттары "Труба мира" үрлемелі оркестрлердіӊ ІІ-халықаралық фестиваліне қатысуға дайындалуда. Ол маусымныӊ 27-і мен шілденіӊ 1-і аралығында Санкт-Петербургте өтеді және бес елдіӊ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қытайдыӊ үздік әскери оркестрін жинайды

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери музыканттары "Труба мира" үрлемелі оркестрлердіӊ ІІ-халықаралық фестиваліне қатысуға дайындалуда. Ол маусымныӊ 27-і мен шілденіӊ 1-і аралығында Санкт-Петербургте өтеді және бес елдіӊ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қытайдыӊ үздік әскери оркестрін жинайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Халықаралық шараға қатысу үшін біздіӊ елден Орталық әскери оркестрдіӊ 45 муызканты іріктелініп алынды. "Қазір біз репетицияға кірісіп кеттік. Қазақ ұлттық әуендеріне мән бергіміз келеді. Біздіӊ сазгерлердіӊ белгілі музыкалық шығармалары мен халық әндерінен топтастырылған попурри болады", - деді ҚР ҚК Искери оркестр қызметініӊ бастығы майор Тимур Жартыбаев. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазақстандық әскери музыканттардыӊ осындай деӊгейдегі фестивальдерге қатысуда үлкен тәжірибесі бар. Олар өздерініӊ бірегей өнерлерімен қазақстандық қана емес, сонымен бірге шетелдік тыӊдарманныӊ ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Орталық әскери оркестр ұжымына таяу және алыс шет елдерінен байқаулар мен фестивальдерге қатысуға ұдайы шақыртулар келіп жатады. Искери музыканттар ағымдағы жылы Ресей, Швейцария және Германияға гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны