06.03.2007, 18:15 3534

Қазақстандық әуе компаниялары Еуроодақтың "қара тізімінен" шығарылды

АСТАНА. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандық әуе компаниялар Еуроодақтың "қара тізімінен" шығарылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Еуропалық комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілдігінің басшысы Ван дер Меермен кездесті. Ол 2007 жылдың наурызында Еуропалық комиссияның кезекті отырысы өтетендігін хабарлады. Жиналыс барысында Еуроодақтың әуе кеңстігіне кіруге тыйым салынған әуе компанияларының "қара тізімін" талқылау жоспарлануда.

Ван дер Меер аталмыш тізімді жаңалауға қатысты алдын-ала жасалған жұмыстардың нәтижесі бойынша қазақстандық әуе компаниялардың аталмыш тізімнен шығарылғандығын мәлімдеді. Бұрындары бұл тізімде "GST Aero" және "BJB" отандық әуе компаниялары болған.

Сондай-ақ, өкілдік басшысымен кездесуде Қазақстанға Еуроодақтың Алматыда Орта Азия аймақтары үшін азаматтық авиция саласындағы қауіпсіздік жөніндегі орталық құру жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыру жөніндегі ұсынысы айтылды. Жаңа ұйым семинарлар, тренинг және басқа да оқыту іс-шараларын жүргізеді деп күтілуде. Жобаны Еуроодақ қаржыландырады.

Сонымен қатар, екі жақ Қазақстанның Еуроодақпен тікелей келісім жасау мәселесін де талқылады. Ван дер Меер Еуроодаққа қатысушы елдердің аталмыш құжатқа қол қоюға келісімдерін білдірген хатын ұсынды. Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау тетіктерін анықтау мақсатында келісім ережелерінің жаңа редакциясын әзірлеуге шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны