01.10.2015, 18:32 3930

Қазақстандық бітімгерші әскери қызметшілер Армениядағы "Мызғымас бауырластық" оқу-жаттығуында тапсырмаларды орындауда

Армения Республикасыныӊ Армавир облысындағы "Баграмян" полигонында "Мызғымас бауырластық-2015" ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерініӊ бітімгершілік күштерімен оқу-жаттығудыӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Армения Республикасыныӊ Армавир облысындағы "Баграмян" полигонында "Мызғымас бауырластық-2015" ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерініӊ бітімгершілік күштерімен оқу-жаттығудыӊ салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ерекше назар бітімгершілік операцияда олардыӊ тапсырмаларды орындауы бойынша белсенді іс-қимылдар үшін ҰҚШҰ мүше мемлекеттері бітімгершілік контингенттерініӊ жауынгерлік үйлесімділігін жетілдіруге бөлу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Мызғымас бауырластық-2015" оқу-жаттығуыныӊ негізгі мақсаты өзара түсінушілікті нығайту және ҰҚШҰ мүше мемлекеттерініӊ бітімгершілік контингенттері арасындағы ынтымақтастық, бітімгершілік операцияны дайындау және бітімгершілік міндеттерді орындау барысында ҰҚШҰ-ныӊ БҰК бөлімдерін (бөлімшелерін) басқаруды дайындау бойынша жұмыста барлық дәрежедегі командирлер мен штабтардыӊ практикалық шеберлігі мен командирлердіӊ машығын арттыру болып табылады.

ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерініӊ контингенттері оқу-жаттығудыӊ бірінші кезеӊіне кірісті. Оныӊ барысында бітімгершілік міндеттерді орындауға әскери басқару органдары мен бөлімшелерді дайындау мәселелері пысықталды.

Одан басқа, атыс, әскери-медициналық, инженерлік даярлық бойынша практикалық сабақтар өтеді. Оныӊ барысында "Майлс" лазерлік жүйесініӊ тактикалық-техникалық сипаттамасы және оныӊ қолданылуы, жергілікті жерді ізгілік минасыздандыру бойынша міндеттерді орындау ерекшеліктері жеткізіледі, сондай-ақ әскери-далалық госпитальдіӊ өрістетілуі көрсетіледі.

Сабақ барысында халықаралық ізгілік құқығы бойынша мәселелерді Қызыл Крест халықаралық комитетініӊ өкілдері жеткізеді.

Сонымен бірге, қазақстандық бітімгершілер Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей Қарулы Күштері контингенттерініӊ жеке құрамымен бірлесіп оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кіріседі.

"Мызғымас бауырластық" бітімгершілік күштерініӊ оқу-жаттығуы 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп тұратынын естеріӊізге сала кетейік. Алғаш рет Қазақстанда 2012 жылғы 8-17 қазанда өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны