28.04.2016, 13:52 4244

Қазақстандық бітімгерші әскери қызметшілер Кот-д'Ивуардағы Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ миссиясынан оралды

2010-2011 жылдары Кот-д'Ивуарда шиеленіскен саяси дағдарыс орын алған болатын. Президенттік сайлаудан кейін БҰҰ және әлемдік қоғамдастық қана жаӊа мемлекет басшысын мойындады. БҰҰ-ныӊ Қауіпсіздік кеӊесімен аталған мәселені шешу үшін БҰҰ-ныӊ бөлімшелерін енгізу жөнінде шешім қабылданды

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері майор Ақылбай Құсайынов пен капитан Рустем Сүлейменов бір жыл бойы әскери бақылаушылар ретінде болған Кот-д'Ивуардан оралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

2010-2011 жылдары Кот-д'Ивуарда шиеленіскен саяси дағдарыс орын алған болатын. Президенттік сайлаудан кейін БҰҰ және әлемдік қоғамдастық қана жаӊа мемлекет басшысын мойындады. БҰҰ-ныӊ Қауіпсіздік кеӊесімен аталған мәселені шешу үшін БҰҰ-ныӊ бөлімшелерін енгізу жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"БҰҰ миссиясында әскери қадағалаушыныӊ негізгі міндеті - ол үкімет пен БҰҰ арасында жасалған мандат пен БҰҰ талаптарыныӊ, келісімніӊ орындалуы мониторингісін жасау. Сондай-ақ әскери бөлімдерді тексердік, бақылау, патрульдеу, миссияны өткізу кезінде әуеден патрульдеуді жүргіздік, БҰҰ миссиясын орындап жүрген офицерлердіӊ арасынла қазақстандық сардарлар мен офицерлеріміздіӊ дайындығы жақсы деӊгейде бағалануда", - деді майор Ақылбай Құсайынов.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ныӊ бітімгершілік миссияларында әскери бақылаушылар ретінде алты қазақстандық офицер қызмет өткеріп жатқанын айта кеткен жөн. Бесеуі - Батыс Сахарада (MINURSO) және бір офицер - Кот-д Ивуарда (UNOCI).

"Еӊ бастысы - бұл алаламаушылық. Искери бақылаушы әскери киім нысанында азаматтық болып саналады. Біз азаматтық адамдарға жұмыс жасаймыз. Осыған байланысты, қолымызға қару ала алмаймыз. Қажеттілік болған жағдайда әскери бақылаушы өзі шешім қабылдауы тиіс. Яғни, өзімен бірге күзет алып жүру немесе алмай, жағдайды бағалау", - деп майор Ақылбай Құсайынов атап өтті.

Бітімгершілік операцияларда әскери бақылаушылар БҰҰ-ныӊ персоналы болып табылады және жанжалдасушы тараптардыӊ бірде-бірін қолдамай бейтараптылық қағидатын ұстанады. Олар қол жеткізілген бейбіт уағдаластықтыӊ сақталуын қадағалайды. Бұл саны бойынша әскери қызметшілердіӊ шағын контингенті. Бұл ретте олар бүкіл әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сүбелі үлес қосып жүр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны