06.04.2012, 15:14 6491

Қазақстандық дәрігерлер адамзат бауырының майлануына қатысты мәселені талқылады

Жұма, 6-сәуір күні сағат 14.00 "Рахат Палас" қонақ үйінде (Ball Room залында) "Қазіргі замандағы адам бауырының зақымдалуының себептері, оның салдары мен емдеу әдістері" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Алматы. 6-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстандық дәрігерлер адамзат бауырының майлануына қатысты мәселені талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жұма, 6-сәуір күні сағат 14.00 "Рахат Палас" қонақ үйінде (Ball Room залында) "Қазіргі замандағы адам бауырының зақымдалуының себептері, оның салдары мен емдеу әдістері" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Аталмыш баспасөз мәслихаты "Бауырдың майлануын анықтау және емдеудің практикалық аспектілері" тақырыбында өткен бірегей веб-конференция аясында ұйымдастырылған. Бұл Алматыдан Қазақстанның 5 қаласына (Астана, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе және Шымкент) тікелей трансляциялау режимінде өтті.

Күні кеше ғана бауырдың майлануына қатысты проблемалар туралы айтылып келсе де, бүгінгідей жүрек-тамыр аурулары, 2-типті қант диабеті және семіру сияқты әлеуметтік маңызды проблемалармен байланысы көп болмаған.

Сондай-ақ қазірде бауырдың майлануы заманауи медициналық ортада да жиі талқыланатын проблемалардың бірі болып отыр.

ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми институтының Бауырдың алкогольдік емес майлану ауруын (БАЕМА) анықтау бойынша жүргізген скринингтің нәтижесіне сәйкес, Қазақстандағы БАЕМА кездесу жиілігі 41 пайызға жетеді. БАЕМА жиілігінің күрт көтерілуі 30-39 жас аралығында кездеседі.

Баспасөз мәслихатына Қазақстанның Бауырды зерделеу қауымдастығының президенті Нерсесов Александр Витальевич, ҚазҰМУ Білім беру комитетінің төрайымы Жанқалова Зүлфия Мейірханқызы, ҚР гастроэнтерологтарының қауымдастығының президенті, "Астана медициналық университеті" АҚ гастроэнтерология кафедрасының меңгерушісі Бектаева Роза Рахимқызы сияқты өз саласының білікті мамандары қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны