26.09.2016, 22:12 3736

Қазақстандық ғалым ғылым мен технология саласындағы исламдық ISESCO сыйлығыныӊ иегері атанды.

Биыл математикалық модельдеу мен техникалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқаруда сіӊірген ерен еӊбегі үшін беделді марапатқа қазақстандық ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов ие болды. Аталмыш марапат Ғ.Мұтановтыӊ ғылыми қызметініӊ халықаралық дәрежеде екенініӊ дәлелі.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Білім беру, ғылым мен мәдениет бойынша Исламдық ұйымныӊ халықаралық сыйлығы (ISESCO) ұйымға мүше мемлекеттердіӊ ғалымдарына биология, химия, геология, математика, физика және ғылыми технологиялар саласына сіӊірген ғылыми-инновциялық еӊбегі үшін екі жылда бір рет тағайындалады. Сыйлықтыӊ құрамына сертификат, алтын медаль мен ақшалай сыйақы кіреді.

Биыл математикалық модельдеу мен техникалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқаруда сіӊірген ерен еӊбегі үшін беделді марапатқа қазақстандық ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов ие болды. Аталмыш марапат Ғ.Мұтановтыӊ ғылыми қызметініӊ халықаралық дәрежеде екенініӊ дәлелі.

ISESCO "Исламдық конференция" ұйымымен 1979 жылы құрылған болатын. Бүгінде ол әлемніӊ 50-ден аса мемлекетініӊ басын біріктіріп отыр. Халықаралық ұйымныӊ қызметі мұсылман мемлекеттеріндегі мәдениеттіӊ, ғылым мен білімніӊ дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

ҚазҰУ, Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны