01.02.2008, 19:09 2703

Қазақстандық кәсіпорындардың міндетті зейнетақы жарнасы бойынша қарызы 8 млрд теңгеден асып жығылады - еңбек министрі

Қазақстандық кәсіпорындардың міндетті зейнетақы жарнасы бойынша қарызы 8 млрд теңгеден асып жығылады - еңбек министрі

Астана. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық кәсіпорындардың міндетті зейнетақы жарнасы бойынша қарызы 8 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорқау министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстандық кәсіпорындардың міндетті зейнетақы жарнасы бойынша қарызы 8 млрд теңгеден асып жығылады, бұл салық органдарымен бірлесіп жұмыс істеуді пәрменділігін арттыруды және жұмыс берушілердің өздерінің әлеуметтік жауаптылығын күшейтуді қажет етеді",- деп атап көрсетті Б. Сапарбаев.

Жалпы "зейнетақы төлемдерін индексациялау тәртібіне, базалық зейнетақы төлемдерінің деңгейін көтеруге, жинақтау зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығы мен тиімділігін көтеруді, зейнетақы есепшоттарын пәрмендендірді аяқтауға, жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын дер кезінде және толық аударуына қойылатын бақылауды күшейтуге байланысты бірқатар проблемаларды шешуді қажет етеді", деп атап көрсетті. "Бұл мәселелерде Экономика министрлігінің, Қаржы министрлігі мен Қаржылық қадағалау агенттігінің көмегі мен қолдауын табамыз деген үміттеміз",- деп қосты ол.

Атап айтқанда, "зейнетақы жинақтарының кестесі, халықтың зейнетақы жүйесі туралы ақпаратпен танысу деңгейі еркін және кәсіби еркін дамуды қажет етеді",- деп атап өтті Б. Сапарбаев. "Осыған байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен Мемлекеттік аннуитеттік компания өз қызметтерінің пәрменділігін арттырулары қажет",- деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны