06.10.2015, 12:21 3948

Қазақстандық қажылар мінген ұшақ Жидда-Алматы бағыты бойынша ұшты

Қазіргі уақытта қазақстандық қажыларды елге тасымалдау жолға қойылды. Келіссөздер жүргізу нәтижесінде сыйымдылығы 500 адамға жететін үлкен әуе кемесі бүгін (06.10.2015) Жидда-Алматы бағыты бойынша ұшты

Алматы. 06 Қазан. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта қазақстандық қажыларды елге тасымалдау жолға қойылды. Келіссөздер жүргізу нәтижесінде сыйымдылығы 500 адамға жететін үлкен әуе кемесі бүгін (06.10.2015) Жидда-Алматы бағыты бойынша ұшты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қажылардыӊ елге келу жаӊа кестесі құрылып, осы кесте бойынша әуе рейстері орындалуда, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қажылар әуежайда күтіп қалмау үшін ҚМДБ Қажылық миссиясы қызметкерлері оларға алдын ала хабарлап, барлық рейстерге қажылардыӊ уақтылы келуі реттелді. Айта кететін жағдай, қазақстандық қажылардыӊ басым көпшілігі ұшуға тиіс Жидда-Алматы бағыты бойынша жоспарланған рейстер толық орындалды. Қажылардыӊ қалған бөлігі Мәдина қаласындағы халықаралық әуежайдан елге оралады. Қажылық миссиясыныӊ ұшақ рейстерін уақтылы реттеу жұмыстары Мәдина қаласындағы әуежайда жалғасады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны