23.10.2017, 15:25 4601

Қазақстандық кинотуындылар Францияда көрсетілді

"Илемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" атты арнайы халықаралық жоба Қазақстанныӊ үшінші модернизациясыныӊ мақсаттары мен перспективаларын және қазақ халқыныӊ дәстүрлі мәдени мұрасын және Қазақстанныӊ заманауи өнерініӊ үздік жетістіктерін әлемдік қоғамдастыққа таныстырады.

Алматы. 23 қазан. Kazakhstan Today - 2017 жылы 19 қазанда Париж қаласындағы Club L'Etoile кинотеатрында "Илемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" жобасын таныстыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және "Новый мир продакшн" ЖШС-сімен бірлесе түсірілген "Анаға апарар жол" фильмі көрсетілді. Мәдени іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен "Қазақфильм" киностудиясы ұйымдастырып отыр.

"Илемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" атты арнайы халықаралық жоба Қазақстанныӊ үшінші модернизациясыныӊ мақсаттары мен перспективаларын және қазақ халқыныӊ дәстүрлі мәдени мұрасын және Қазақстанныӊ заманауи өнерініӊ үздік жетістіктерін әлемдік қоғамдастыққа таныстырады.

"Анаға апарар жол" фильмі өмірдіӊ ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстыӊ мехнатын көрген басты кейіпкердіӊ тағдырын баяндайды. Картинаныӊ режиссері Ақан Сатаев. Кинотуындыны француз көрермендеріне ананыӊ рөлін сомдаған актриса Алтынай Нөгербек таныстырды.

- Франция астанасыныӊ төрінде елімізді, мәдениетіміз бен дәстүрімізді таныстырғаныма өте қуаныштымын. Көрермендер фильмді үлкен қошаметпен қарсы алды. Қазақстанда дүние есігін ашып, қазақ болып туылғаныма, қазақ актрисасы атанып, осындай ауқымды фильмде рөл бұйырғанына тағдырыма шексіз ризамын, - деді актриса.

Аталған фильм 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және "Еуразиялық көпір" атты фестивальге қатысып, Бас жүлдені, сонымен қатар актриса Алтынай Нөгербек "Үздік әйел адам рөлі" номинациясында жеӊіске жетті. Одан бөлек, бұл туынды биыл Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған "Сыншылар таӊдауы" жүлдесінде үш бірдей жүлдені иемденді. Атап айтсақ, "Еӊ үздік актриса" - Алтынай Нөгербек және "Екінші пландағы үздік актриса" Аружан Жазылбекова деп танылды. Ал "Фильмге жазылған үздік музыка" номинациясын аталмыш фильмніӊ композиторлары Илім Заиров пен Роман Вишневский бөлісті. Одан бөлек, кинотуынды Бішкекте өткен "Ақ ілбіріс" атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияныӊ үздік фильмі атанды. Ал 2017 жылы маусым айында Нью-Йоркте өткен 5-ші еуразиялық кинофестивальде тарихи кинотуынды "Үздік көркем фильм" жүлдесін алды. Сонымен қатар, фильмніӊ Бас продюсері Илия Назарбаева "Кино әлеміндегі еуразиялық әйелдер" жүлдесімен, ал картинада ана рөлін сомдаған актриса Алтынай Нөгербек "Үздік актриса" жүлдесімен марапатталған.

Сонымен қатар іс-шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "САҚ-дала" ЖШС түсірген "Қазақ елі" анимациялық фильмі көрсетіледі. Жасалуында 2D және 3D-технологиялар пайдаланылған аталмыш туынды болашақ хандар - Жәнібек пен Керейдіӊ балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды. Бұл анимациялық фильмді көрермендерге режиссердіӊ өзі таныстырды.

- Көрсетілімнен кейін көрермендер алғысын білдіріп, патриоттық тәрбие беретін, отансүйгіштікке баулитын фильмдер қай елде болмасын үлкен мәнге ие екенін айтты. Сондықтан да, осындай тарихи тундылар көп болуы керек деп ойлаймын, - деді режиссер.

"Қазақ елі" анимациялық фильмі өткен жылы мамыр айында көпшілік назарына ұсынылып, кинотеатрлардан көрсетілген болатын. Аталмыш фильм Каир қаласында өткен Х Халықаралық анимациялық фильмдердіӊ форумына қатысып "Еӊ үздік толықметражды фильм" жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, картинаныӊ композиторы Руслан Шынықұлов және фильмніӊ әуенін жазуға қатысқан музыкант Жанболат Иділов құрмет дипломдарымен марапатталды. Айта кететін жайт, анимациялық кинотуындыныӊ халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, кеӊінен насихатталу жұмыстарын Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны