19.01.2012, 09:52 2997

Қазақстандық көркем гимнаст 2012 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алды

Қаңтардың 16-18 аралығында Лондонның "Аренадағы Солтүстік Гринвичінде" көркем гимнастикадан біліктілік сынақ жарыстары өтіп жатыр. Жеке біріншілікте 2011 жылы Францияның Монпель қаласында өткен сайыста жеңіп шыққан 25 гимнастика шебері өнер көрсетеді.

Астана. 19-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстандық көркем гимнаст Анна Алябьева 2012 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қаңтардың 16-18 аралығында Лондонның "Аренадағы Солтүстік Гринвичінде" көркем гимнастикадан біліктілік сынақ жарыстары өтіп жатыр. Жеке біріншілікте 2011 жылы Францияның Монпель қаласында өткен сайыста жеңіп шыққан 25 гимнастика шебері өнер көрсетеді. Бұлардың арасында сонымен қатар еңбек нәтижелері олимпиадалық біліктілік сынағына жатпайтын ресейлік Евгения Канаева, Дарья Кондакова, өзбекстандық Илия Гараева сияқты спортшылар да бар. Олар өздерінің лицензияларын әлдеқашан алып қойған.

Сонымен қатар жарысты ұйымдастыратын елдің спортшысы ретінде Франческа Джонс та жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ал қалған спортшылар 5 олимпиадалық жолдама үшін сайысқа түсті. Олардың арасында қазақстандық Анна Алябьева да бар. Осы сайыста қазақстандық спортшының бағы жанып, олимпиадалық лецензияны жеңіп алды. Осыған байланысты ол биыл өтетін олимпиада ойындарында да өнер көрсететін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны