24.07.2018, 17:11 4973

Қазақстандық мектеп оқушылары Ұлыбританияныӊ аэрокосмос мектебіне барады

2018 жылдыӊ 24 шілдесінде Назарбаев орталығында мектеп оқушылары арасында транспорт саласындағы республикалық конкурстыӊ финалдық іріктеу туры басталды.

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 24 шілдесінде Назарбаев орталығында мектеп оқушылары арасында транспорт саласындағы республикалық конкурстыӊ финалдық іріктеу туры басталды.

Конкурстыӊ жеӊімпаздары Крэнфилд университетініӊ (Ұлыбритания) аэрокосмос мектебіне тағылымдамадан өтуге барады.

Конкурсті өткізудіӊ мақсаты-көлік саласына деген қызығушылықты арттыру және білімді тереӊдету, сонымен қатар оқушылардыӊ мамандықты саналы түрде таӊдауға ынталандыру. Биылғы жылы конкурс екінші рет өткізіліп отыр.

Конкурстыӊ қатысушылары 16 мен 18 жас аралығындағы барлық облыстардыӊ жалпы білім беру мектептерініӊ оқушылары болып табылады. Өӊірлік іріктеу турларын облыс әкімдіктері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларыныӊ әкімдіктері өткізді.Финалдық іріктеу кезеӊіне 85 адам келді. Ир команда 4 оқушыдан және 1 команда жетекшісінен тұрады.Финалдық іріктеу турын Астанада ү.ж. 24 мен 26 шілде аралығында Крэндфилд университетініӊ өкілдері өткізеді.

Финалдық іріктеудіӊ қорытындысы бойынша 40 оқушы (2 жеӊімпаз команда, сондай-ақ әрбір облыстан финалға қатысқан 2 оқушы) ү.ж. тамыздыӊ 19-ы мен 26-ы аралығында Крэнфилд университетініӊ (Ұлыбритания) аэрокосмос мектебіне оқу-танымдық сапарға жіберіледі.

Конкурстыӊ ұйымдастырушылары ҚР Иділет министрлігі, ҚР Тұӊғыш Президенті-Елбасыныӊ Қоры мен Ұлттық зияткерлік меншік институты, Назарбаев университеті және Крэнфилл университеті болып табылады. Конкурстыӊ әріптестері Эйр Астана ұлттық тасымалдаушы және "Samruk - KazynaTrust" корпоративтік қоры.

Крэнфилд университетініӊ аэрокосмос мектебініӊ, Эйр Астана және "Samruk - KazynaTrust" КҚ өкілдерінен тұратын конкурстық комиссия қатысушыларды тұсаукесер сапасы (ауызша және жазбаша); шығармашылық ойы және ұсыныстыӊ (жобаныӊ) тиімділігі, ағылшын тілін қолдануы және ұсынылған тапсырмаларға дұрыс жауап беруі бойынша бағалайды.

Финалдыӊ ашу салтанатында ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ атқарушы директорыныӊ орынбасары Сұлтан Айтжанов, ҚР Иділет вице-министрі Наталья Пан, Ұлыбританияныӊ Қазақстандағы елшісі Майкл Джон Гиффорд, Назарбаев университетініӊ вице-президенті Ерден Құсайын сөз сөйледі. Сондай-ақ мектеп оқушылары үшін табыс тарихы туралы және авиатранспорт инженері мамандығы туралы Эйр Астана өкілдері Мұхамеджан Мұстафин (екінші пилот) және Руслан Шаяхметов (техникалық қызмет көрсету бойынша аға менеджер) лекциялар оқыды.

Крэнфилд университетініӊ (Ұлыбритания) аэрокос мосмектебініӊ өкілдері Ян Холлингворт аэрокосмос динамикасыныӊ әлемі туралы, Фрэнк Юкэс - ұшақтарды модельдеу туралы, лейтенант - полковник Эндрю Хоултон - тікұшақ операциялары туралы әӊгіме айтып берді.

ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ атқарушы директорыныӊ орынбасары Сұлтан Айтжанов: "Аталған конкурс балаларға техникалық мамандықтарды дұрыс таӊдауға, ағылшын тілініӊ деӊгейін арттыруға көмектеседі, сондай-ақ әлемніӊ үздік аэрокосмос мектебіне баруға мүмкіндік береді. Біздіӊ басты міндетіміз - жас өнертапқыштарға қолдау көрсету", - деді.

ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны