29.03.2011, 15:11 4781

Қазақстандық оқулықтар мұқият тексеруден өтеді

Қазақстандық оқулықтар мұқият тексеруден өтеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстандық оқулықтар мұқият тексеруден өтеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 12 жылдық білім беруге байланысты оқыту мазмұнының жаңа стандарты жасалуда.

"12 жылдық орта оқуға көшу кестесі мұқият тексерілді. Білім беру мен оқыту мазмұнының жаңа стандарты жасалуда. Оқулықтар сапасына қойылатын талаптар күшейтілді. Енді олар көп кезеңнен тұратын сараптаулар мен сынақтан өткізіледі. Бұл кезеңдердің біраз бөлігі қазіргі кезде іске асырылып та жатыр",-деді ведовство басшысы.

Мұнымен қоса министр алдағы уақытта барлығы 522 мектеп салынатынын айтып өтті. Оның 427-сі жалпы білім беретін мектеп, 46 бейімдік мектебі. Ал 49-ы 3 аусымды мектептердің орнына салынады. "Бұл мектептердің құрылысы үшін республикалық бюджеттен алғашқы 3 жылда 167,4 млрд. теңге қарастырылған. Қазіргі кезде біз қай жерде қандай мектептер салынатындығын нақты анықтадық",-деді Б. Жұмағұлов.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа мектептер салынған соң оқу орнына деген сұраныс, 3 ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер проблемасы толық шешіледі. Тек биылдың өзінде 82 мектеп салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны