21.07.2014, 20:33 6025

Қазақстандық оқушылар IPHO-2014 халықаралық олимпиадасында 3 алтын, 2 күміс медалды жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар IPHO-2014 халықаралық олимпиадасында 3 алтын, 2 күміс медалды жеңіп алды

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Физика бойынша IPHO-2014 халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар Имір Бралин, Тұрсынбек Нұрислам, Иса Данат алтын медальды жеңіп алса, Дәулет Құрмантаев пен Нұрбек Дінмұхаммед - күміс медаль иеленді, деп ҚР БҒМ хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, IPHO-2014 Астана қаласында 13-21 шілде аралығында өтті. Илемнің 85 мемлекетінен келген 400-ге жуық оқушының білімі Назарбаев университетінде бағаланды.

Дүбірлі додада ел намысын қазақстандық 5 оқушы қорғады және IPHO-2014-тен олардың бірде-біреуі бос қайтпады. Олимпиада нәтижесі бойынша 8 орынға табан тіреген Қазақстан жеңімпаз мемлекеттер 10-на кірді.

Алғашқы үштікте Қытай, Корея мен Тайвань елдері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны