13.04.2007, 10:27 1508

Қазақстандық омбудсменге түсетін шағымдардың 20% құқық қорғау органдарының қызметімен байланысты

АСТАНА. 13 сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстандық омбудсменге түсетін шағымдардың 20% құқық қорғау органдарының қызметіне және қызметкерлерінің енжарлығына байланысты. Бұл туралы кеше адам құқықтары жөніндегі өкілдің 2006 жылғы есебін таныстыру рәсімі кезінде омбудсмен Болат Байқадамов хабарлады. Бұл туралы Кazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлайды.

"Олардың әрекеттеріне тек қамаудағылар ғана емес, айыпталушы тұлғалар да шағымданады",-деп атап өтті Б.Байқадамов. Оның айтуынша, көлемі жағынан екінші орында сот шешімімен келіспегендердің шағымдары/жалпы көлемнің шамамен 18 %/ , үшінші орында -тұрғын үй мәселелеріне байланысты. Омбудсменнің айтуынша көбінесе ілгеріректе үйлерін тастап кеткен қожайындар мүлкін қайтарып алмақ ниетпен шағымданады, енді біреулері мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алмақшылар.

"Жалпы 2006 жылы омбудсменге шағымданған азаматтардың саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есе өскен",-деді Б.Байқадамов. Оның айтуынша, 2006 жылы өкілетті институтқа 2613 шағым түскен, ал жалпы жыл бойы көмек сұраған адамдардың саны 30 805.

Б.Байқадамовтың айтуынша, өткен жылы өкілетті институттың нұсқауымен 18 жағдайда мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары жауапқа тартылған. Ал 162 жағдайда омбудсменнің араласуымен азаматтардың құқы толығымен қайта қалыпқа келтірілген болса, 28 оқиғада құқық жартылай қалпына келтіріліпті. Келіп түскен шағымдар бойынша, мемлекеттік органдарға 22 нұсқау мен екі жолдау жіберілген. Олардың арасында мүгедектер, оралмандар, жазаға тартылғандар, діни сенім еркіндігіне қатысты мәселелер.

"Бұл дегеніңіз есеп құжатқа айналып, парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті орган өкілдері құқық қорғау мәселелерін қараған кезде осы деректерге сүйенетін болады",-деді Б.Байқадамов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны