23.10.2018, 16:30 4044

Қазақстандық шаштаразшы Еуропада өткен халықаралық жарыста үздіктер қатарынан көрінді

2018 жылдыӊ 26-28 қыркүйек аралығында Будапешт қаласында Венгрия мемлекетінде "EuroSkills" жастар жарысы өткізіліді. WorldSkills Europe ұйымына 28 мемкелет кіреді.

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандық шаштаразшы Еуропада өткен халықаралық жарыста үздіктер қатарынан көрінді.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында "Кәсіпқор" холдингі" басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушысы Исима Бимендина айтты.

2018 жылдыӊ 26-28 қыркүйек аралығында Будапешт қаласында Венгрия мемлекетінде "EuroSkills" жастар жарысы өткізіліді. WorldSkills Europe ұйымына 28 мемкелет кіреді.

WorldSkills Kazakhstan жобасы - жұмысшы мамандықтарыныӊ мәртебесін арттыру және дәріптеу болып саналады. Орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде маман тапшылығын азайтып, бәсекеге қабілетті, әрі инновациялық даму жолына түскен еліміз үшін аса қажет кадр дайындауда қосып отырған үлесі зор.

Жарыс құрылыс, өндіріс және машина жасау технологиялары, роботты техника, көлік пен логистика және басқа салалардағы 37 жұмыс мамандығын қамтиды. Ал біздіӊ елімізден жас мамандарымыз 23 құзіреттілік бойынша бақтарын сынамақ. Олар: Жүк автокөліктеріне қызмет көрсету, плиткамен қаптау, дәнекерлеу технологиясы, аспаз ісі, сантехника және жылыту, суыту және желдету техникаларына қызмет көрсету, мейрамхана сервисі, жеӊіл автокөлік жұмыстарын жөндеу, сылау және декоративті жұмыстар, флористика, мехатроника, визуальды мерчандайзинг және витринистика, кірпіш қалау, графикалық дизайн, нан пісіру шебері,құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, электромонтаж, химиялық анализдер лабараториясы, инженерлік графика, шаштараз өнері, киім дизайны және үлгілеу,веб-дизайн құзіреттіліктері.

Бұл жарыс жастарға өздерініӊ шеберліктерін, кәсіби деӊгейін қалыӊ көрерменге көрсетуге, сондай-ақ оларға біліктілігін, білімін жетілдіруде және жалпы болашақта мамандану бағытын таӊдауда кәсіби мамандардан ақыл-кеӊес алуға үлкен мүмкіндік берді.

Бұл шара Елбасыныӊ жолдауыныӊ аясында жалпы еӊбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көӊіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еӊбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны