15.01.2018, 16:04 5095

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарға өз қызметтері туралы ақпараттарды беру ұсынылды

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарға өз қызметтері туралы ақпараттарды беру ұсынылды

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрініӊ бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 15 қаӊтардан бастап "Үкіметтік емес ұйымдардыӊ өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру ережелерініӊ" жеӊілдетілген нұсқасы қолданысқа енгізілді.

Жеӊілдетілген Ережелерге сәйкес:

- ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді енгізу бойынша нысан оӊтайландырылды: бірқатар тармақтар жойылды және нақтыланды, ыӊғайлы толтыру үшін ақпарат кесте түрінде ұсынылды;

- нысанды толтыру барысында дұрыс және жүйеленген ақпаратты қамтамасыз ету үшін өӊірлер, ұйым қызметініӊ бағыттары, оныӊ ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар бойынша тиісті тізімдер қосылды;

- құрылтай құжаттарды, бухгалтерлік теӊгерімді ұсынуға талап ететін нормалар жойылды;

- ұйымныӊ кіріс және шығыс туралы тармақтар салық есебініӊ нысанына сәйкестендірілді.

2017 жылғы 1 наурыздан бастап "ҮЕҰ дерекқоры" ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) өз жұмысын бастаған болатын. Мәліметтерді infonpo.kz веб-портал арқылы электрондық түрде ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО)электрондық цифрлық қолтаӊба (ЭЦҚ) алу қажет.

Мәліметтерді пошта арқылы немесе қағазды және электрондық тасымалдаушыда (CD-дисктер немесе DOC, DOCX форматында USB-флэш арқылы) қолма-қол тапсыру баламалы нұсқа болып табылады.ҮЕҰ туралы мәліметтерді ілеспе хатпен қосып, пошта арқылы немесе қолма-қол келесі мекен-жайға жолдауға болады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәӊгілік Ел даӊғылы, 8, 15-ші кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ Азаматтық қоғам істері комитеті.

Infonpo.kz ақпараттық ресурсы іске қосылған1 жыл уақыт ішінде өз қызметі туралы мәліметтерін электрондық түрде белгіленген мерзімде 3000 мыӊға жуық ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) ұсынған. Бұл сайтпен жұмыс жүргізудіӊқолжетімділігі мен есеп беру нысандарды толтыру рәсімініӊ жеӊілдегенін көрсетеді.

Жоғарыда баяндалғанныӊ негізінде infonpo.kz ақпараттық ресурсы арқылы үкіметтік емес ұйымдардыӊ 2017 жылғы қызметтері туралы мәліметтерін 2018 жылдыӊ 31 наурызына дейін тапсыруларын сұраймыз, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны