25.04.2011, 17:27 28021

Қазақстандықтар мамыр айындағы мерекелерде заңға сәйкес демалатын болады

2011 жылдың 1 және 9-мамырында қазақстандықтар мамыр айындағы мерекелерде заңға сәйкес демалатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - сәуір. Kazakhstan Today - 2011 жылдың 1 және 9-мамырында қазақстандықтар мамыр айындағы мерекелерде заңға сәйкес демалатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 1-мамыр күні республикамызда Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен 9-мамырда - Жеңіс күні тойланады.

Учет.kz порталының хабарлауынша, "2011 жылы 1-мамыр күні - Қазақстан халықтарының бірлігі күні демалыс күнге сәйкес келіп отыр. Сондықтан да ҚР "ҚР Мерекелер туралы" Заңының 5-бабына сәйкес демалыс күні мен мереке күні қатар келген жағдайда келесі жұмыс күні демалыс болып саналады. Яғни, 2011 жылдың 1-мамыр мерекесіне орай аптада бес жұмыс күні болса - 30-сәуір, 1 және 2 мамар, ал алты жұмыс күні болса 1 және 2 мамыр демалыс күні болып саналады",- деп айтылған хабарламада.

"9-мамырда бес жұмыс күні болса - 7, 8 және 9 мамыр күндері демалыс, ал алты жұмыс күні барлар үшін 8 және 9 мамыр демалыс күні болып табылады",- деп хабарланған порталда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны