06.09.2016, 11:52 4125

Қазақстандықтар тілдерді инновациялық веб-порталдар арқылы үйрене алады

Астанада "Тіл әлемі" порталыныӊ, "Атау.кз" ономастикалық, "Емле.кз" орфографиялық және "Терминком.кз" терминологиялық базаларыныӊ тұсаукесері өтті.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада "Тіл әлемі" порталыныӊ, "Атау.кз" ономастикалық, "Емле.кз" орфографиялық және "Терминком.кз" терминологиялық базаларыныӊ тұсаукесері өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ баспасөз қызметі хабарлағандай, тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетініӊ төрағасы Қуаныш Асылов өзініӊ сөзінде тілді дамытудыӊ маӊыздылығына және инновациялық, компьютерлік, ақпараттық технологияларды қолданудыӊ қажет екеніне тоқталды.

Портал және электронды сайттар Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту және қолданудыӊ 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, тілді оқытудыӊ тиімді әдістерін қалыптастыру, интернеттегі тілдік контенттіӊ ауқымын кеӊейту, қазақстандықтар мен шетелдіктердіӊ тілді қашықтықтан оқуына мүмкіндік жасау мақсатында құрастырылды.

Жобаларды құрастыру үрдісіне Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту орталығыныӊ басшысы, филология ғылымдарыныӊ кандидаты Ербол Тілешовпен бірге Шерубай Құрманбайұлы, Асқар Жұбанов, Илімхан Жүнісбек, Сағымбай Жұмағұлов сияқты филология ғылымдарыныӊ докторлары, профессорлар, сондай-ақ педагогика ғылымдарыныӊ докторы, Қазақстан Ұлттық педагогика университетініӊ профессоры Нұрша Оразыханова, филология ғылымдарыныӊ кандидаты Бижомарт Қапалбек және тағы басқалары қатысты.

Парламент депутаттары Бақытжан Ертаев, Омархан Өксікбаев, Сауытбек Абдрахманов, Абай Тасболатов, Бақытбек Смағұл, қоғам қайраткері ОразкүлАсанғазы ақпараттық ресурстарға жоғары баға беріп, олардыӊ тіл саясатын жүргізудегі маӊызды рөлін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны