23.12.2015, 12:09 3740

Қазақстандықтарға 19 елге баруға визасыз режим қамтамасыз етілді - Е.Ыдырысов

Атап айтқанда, визасыз режим енгізу туралы келісімді Қазақстан Бразилия және Кубамен жасасты.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандықтарға 19 елге баруға визасыз режим қамтамасыз етілді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстандықтар жалпы азаматтық төлқұжатпен визасыз 19 елге бара алады", - деді Е.Ыдырысов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Атап айтқанда, визасыз режим енгізу туралы келісімді Қазақстан Бразилия және Кубамен жасасты.

"Қазақстандықтар осы аралға, еркіндік аралына бара алады, ол жердіӊ климаты жақсы, осыныӊ бәрі Қазақстанныӊ осы елмен кеӊейтілген өзара іс-қимылы үшін мүмкіндіктер ашады", - деді ол.

Осындай келісімдерді Латын Америкасыныӊ бірқатар елдерімен жасасу жоспарланған.

Сонымен қатар, келесі жылдыӊ бірінші тоқсанында СІМ қазақстандық виза берудіӊ жаӊа ережесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жұмыстар шекара қызметімен, Ішкі істер министрлігімен және басқа да сәйкесінше мемлекеттік органдармен қарқынды жүргізілу үстінде.

"Бұл жаӊа ережелердіӊ басты мәні - виза алу тәртібін жеӊілдету, біздіӊ елімізге келгісі келетін шетелдік азаматтар үшін оны ыӊғайлы жасау. Ирине, одан кейін оны заманауи қалыпқа түсіргіміз келеді", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны