13.08.2015, 12:07 3385

Қазақстанныӊ әскери қызметшілері Халықаралық армиялық ойындарда 14 елден басып озды

12 тамыз күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері алдын-ала жасалған тұжырым бойынша халықаралық армиялық ойындарында жалпы топтар арасында үшінші орынды иеленді

Астана. 13 Тамыз. Kazakhstan Today - 12 тамыз күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері алдын-ала жасалған тұжырым бойынша халықаралық армиялық ойындарында жалпы топтар арасында үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстандық әскери қызметшілерден құралған топ он үш байқаудыӊ небәрі төрт түрі бойынша ғана сайысқа түсті, атап айтсақ, танк биатлоны, авиадартс, Каспийлік дерби және Каспий кубогы. Дегенмен қазақстандық әскерилер сайыстыӊ төрт түріне ғана қатысқанына қарамастан олар өздері сынға түскен байқаулардан ғана емес, 17 мемлекеттен қатысқан 57 топ арасында жалпы топтық есепте көшбастаушы орынды иеленіп отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бірінші орында тұрған Ресей Федерациясы 13 сайыстыӊ барлығына, ал екінші орындағы - Қытай 12 байқауға қатысуда. Төртінші орындағы Белорусь (9 байқауға қатысуда), бесінші - Венесуэлла (4 байқауға қатысуда) командасы.

Бүгін Алабино полигонында біздіӊ танкистер "Танк биатлоны" байқауыныӊ жартылай финалындағы тартысты жалғастыратын болады. Жеке сайысты бастар алдында Қазақстан мен Ресей арасындағы негізгі тартыс басталған болатын. Екі елдіӊ экипаждары бірнеше ұпай айырмашылықтары болғанымен іс жүзінде бірдей келді. Бүгінгі эстафетада "Танк биатлоны-2015" байқауыныӊ еӊ мықты жалғыз жеӊімпаз тобы анықталатын финалына қатысушылар белгілі болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны