15.07.2015, 18:07 3853

Қазақстанныӊ әскери оқу орындарына түсуге 1500-ден астам талапкер құжат тапсырды

Қазақстанныӊ орта және арнаулы орта оқу орнын бітірген 1 564 түлек өздерініӊ Қазақстан Қарулы Күштерініӊ офицерлері болу арманын іске асыру үшін алғашқы қадамын жасады.

Астана. 15 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ орта және арнаулы орта оқу орнын бітірген 1 564 түлек өздерініӊ Қазақстан Қарулы Күштерініӊ офицерлері болу арманын іске асыру үшін алғашқы қадамын жасады. Олардыӊ ішінде 1 065 жас бірыӊғай ұлттық тест тапсырып, 499-ы кешенді тестілеуге дайындалуда. Бір аптадан соӊ 50-ден және одан жоғары балл жинаған барлық жасөспірімдер өздері таӊдаған еліміздіӊ түрлі өӊірлеріндегі әскери оқу орындарына жіберіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еліміздегі әскери оқу орындардыӊ курсанты атану үшін олар бес кезеӊнен тұратын сынақтан сәтті өтуі тиіс. Бастапқыда - алдын-ала кәсіби-психологиялық іріктеуден, дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырудан, сонымен қоса медициналық куәландырудан, жас жауынгердіӊ курсы және кәсіби-психологиялық іріктеуден, ал қорытындысында - факультеттер бойынша конкурстық іріктеуден өтеді. Ир кезеӊнен өту үшін бір ғана мүмкіндік беріледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Елімізде бакалавриат бағдарламасы бойынша үш жоғарғы әскери оқу орны әскери кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Атап айтсақ, Құрлық әскерлері әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инстиуты, екі мәрте Кеӊес Одағыныӊ батыры Т.Бегелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштері әскери институты.

Биыл қабылдау ережесі өзгерді. Енді талапкерлер мамандықты тестілеуден бөлек физика, география, химия, биология немесе дүниежүзілік тарихты таӊдауы мүмкін. Сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу жеӊілдетіліп, оларды қабылдау мерзімі өзгертілді. Жоғарғы әскери оқу орындары мен ҚР ҚМ Кадет корпусы - үстіміздегі жылдыӊ 20 шілдесіне дейін, республикалық әскери мектептер - 15 тамызға дейін қабылдайды. Іріктелген үміткерлерді есепке алу 21 тамызға дейін жүргізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны