04.02.2015, 21:46 3806

Қазақстанныӊ Искери-әуе күштері жаӊа Су-30СМ жоғары манесврлі жойғыш ұшақтарымен толықты

ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов жоспарлы жұмыс сапарымен Иркутск қаласына барды

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов жоспарлы жұмыс сапарымен Иркутск қаласына барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сапар барысында ИҚК басқолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов Иркутск авиация зауытында болды.Зауытта ол Иркутск авиақұрылысшыларыныӊ түрлі үлгідегі ұшақтарыныӊ өндірісімен танысып, бірқатар пайдалы кездесулер өткізді. ҰҚШҰ және ИШҚҚ БРС шеӊберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық тақырыбы талқыланды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Иркутск авиациялық кәсіпорнына жаӊа авиациялық техниканы теория жүзінде меӊгеру мақсатында ҚР ҚК ИИК авиация бөлімдерініӊ ұшқыштары мен инженерлік-техникалық құрамы келді. Олар бір ай бойы ресейлік әріптестерден жаӊа техниканыӊ қыр-сырын үйренетін болады.

"Су-30 СМ ұшағы - бірегей, жоғары маневрлі жойғыш ұшақ. Оныӊ қозғалтқышында басқарылатын тарту векторы бар. Авиация мамандары Қазақстан Искери-әуе күштерініӊ ұшқыштары мен инженерлік-техникалық құрамын қысқа мерзім ішінде даярлықтан өткізеді", - деді Иркутск авиация зауытыныӊ бас директоры Алексей Вепрев.

"Еліміздіӊ Президенті - Қарулы Күштердіӊ Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ саясатыныӊ арқасында бүгінгі таӊда жауынгерлік авиацияны қару-жарақ пен әскери техниканыӊ заманауи түрлерімен қайта жарақтандыру мүмкіндігі бар. Аталмыш көп функциялы ұшақ Иуе қорғанысы күштерініӊ жауынгерлік мүмкіндігін айтарлықтай арттыратыны анық. Сонымен қатар, ұшақтыӊ техникалық ерекшеліктері ұшқыштардыӊ жауынгерлік даярлығыныӊ жоғары деӊгейін қамтамасыз етеді", - деді авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов.

Естеріӊізге сала кетсек, жақын арада Қазақстанныӊ Искери-әуе күштерініӊ қатары 4++ буынына жататын жаӊа жоғары маневрлі Су-30 СМ жойғыш ұшақтарымен толықты. Бұл еліміз - Қазақстан Республикасыныӊ әуе шекарасы күзетініӊ сенімділігін арттыра түседі. Қазақстан армиясы жылдан жылға нығайып, әскерлерге қару-жарақ пен әскери техниканыӊ жаӊа үлгілері келіп түсуде, әскери кадрлардыӊ кәсіби біліктілігі артып келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны