19.06.2008, 19:01 2752

Қазақстанның "Атамекен" одағы" ұлттық экономикалық палатасы елде кәсіпкерлердің кәсіби мерекесін енгізуді ұсынып отыр

Қазақстанның "Атамекен" одағы" ұлттық экономикалық палатасы елде кәсіпкерлердің кәсіби мерекесін енгізуді ұсынып отыр

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның "Атамекен" одағы" ұлттық экономикалық палатасы 4 шілдеде кәсіпкерлердің кәсіби мерекесін атап өту туралы ұсыныс жолдады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Палата бұл мерекені "Қазақстан бизнесі мен жеке кәсіпкері күні" деп атауды ұсынады. "Біз мұндай мерекенің қажет екендігіне кәміл сенімдіміз. Өйткені, гүлденуі мен әл-ауқатының жақсаруына, экономикасының тұрақты дамуына жеке сектор да аз үлес қосқан жоқ", - деп атап көрсетілген үкіметке жолданған хатта.

"4 шілде де кездейсоқ алынып отырған жоқ. Дәл осы күні 1992 жылы тәуелсіз Қазақстан "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" алғашқы заңын қабылдаған болатын", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны