28.09.2010, 13:35 4174

Қазақстанның басым аймақтарында жаңбыр жауып, қатты жел соғады

Қазақстанның басым аймақтарында жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аймақтарында жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Хабарламада бүгін Қазақстанның басым аумағы жаңбыр мен күшті жел болатын атмосфералық ағымның - циклонның ықпалында болатындығы атап көрсетілген.

Республиканың батысында күн жауын-шашынсыз.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облысының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Қазақстанның оңтүстігінде, батысы мен оңтүстік-шығысындағы кей жерлерде өрт қаупі сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны