09.09.2011, 09:10 3398

Қазақстанның басым аумағында 9-қыркүйекте синоптиктердің болжауынша жаңбырлар мен найзағай күтілуде

"Қазгидрометтің" болжауынша бүгін, 9 қыркүйек күні Қазақстанның басым аумағының ауа райын атмосфералық ағымдармен байланысты циклон қалыптастырады.

Алматы. 9-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында 9-қыркүйекте синоптиктердің болжауынша жаңбырлар мен найзағай күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қазгидрометтің" болжауынша бүгін, 9 қыркүйек күні Қазақстанның басым аумағының ауа райын атмосфералық ағымдармен байланысты циклон қалыптастырады.

Соның әсерінен жекелеген жерлерде жаңбырлар, найзағайлар мен күшті желдер күтілуде. Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады.

Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген өңірлерін тұман басады.

Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның орталық, батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында жоғары өрт қаупі жұма күні де сақталады.

Алдағы тәулікте елдің сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны