08.07.2011, 12:00 3947

Қазақстанның басым аумағында ыстық ауа-райы сақталады - ТОР

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (РМК) мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон әсерінде болады. Ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысы мен солтүстік-батысының жекелеген жерлерінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады деп күтілуде.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында ыстық ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (РМК) мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон әсерінде болады. Ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысы мен солтүстік-батысының жекелеген жерлерінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады деп күтілуде.

"Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетуі ықтимал. Түнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады деп күтілуде. Күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық сақталады. Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық, жекелеген жерлерінде қатты ыстық болады. Жамбыл, Қызылорда облыстарында, ал Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай олыстарының жекелеген жерлерінде температура жоғарылайды. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аса жоғары дәрежеде өрт қаупі сақталады", - деп хабарлайды "Қазгидромет".

Мекеменің ақпаратына сүйенсек, алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су көлемі артады. Қазақстанның басқа өзен-көлдерінде айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны