05.01.2012, 12:28 3135

Қазақстанның басым аумағында қар жауып, тұман түседі және де көктайғақ болады деп күтілуде

Қазақстанның бірқатар облыстарында 5 қаңтар күні қар, жел, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Астана. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында қар жауып, тұман түседі және де көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Қазридрометке сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар облыстарында 5 қаңтар күні қар, жел, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде тұман, Атырау облысында - күндіз кейбір жерлерде 15-20 м/с екпінде жел тұрады деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін, Оңтүстік Қазақстан облысында - түнде таулы аймақтарда қалың қар жауады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді, жаяу борасын болады.

Алматы облысында кейбір жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында секундына 17-22 метр күшпен жел соғады.

Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның көптеген су нысандарында мұз орнау процесі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су деңгейлерінің ауытқуы байқалады, бөлек өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны