31.05.2011, 12:48 6811

Қазақстанның басым аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым аумағының ауа райына әсер ететін - атмосфералық ағындар өзімен бірге жауын-шашындар алып келеді.

Астана. 31 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым аумағының ауа райына әсер ететін - атмосфералық ағындар өзімен бірге жауын-шашындар алып келеді.

Солтүстікте жаңбыр қатты болады, бұршақ түсуі де ықтимал. Сондай-ақ, найзағай ойнап, күшті желдер тұрады. Ал антициклон тарамдарының әсерінде болатын елдің батысында ауа райы - жауын-шашынсыз.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, 17-22 м/с екпінде жел соғады. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарында секундына 15-22 метр жылдамдықта жел тұрады. Маңғыстау облысында түнде және таңертең өзен жағалауларын тұман басады. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген өңірлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғып, шаң көтеріледі.

Сонымен қатар, Қазгидромет" РМК Қазақстанның бес қаласында күшті желдер болатындығы туралы ескерту жасады. "Бүгін, 31 мамыр күні Жезқазған, Тараз, Қарағанды, Павлодар және Петропавл қалаларында жылдамдығы жоғары дауылды желдер соғады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер, күтіліп отырған нөсерлі жаңбырларға байланысты 31 мамыр күні Алматы облысының таулы өзендерінде еріген қар мен жаңбыр суларының тасқындары болатындығын

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны