25.05.2011, 11:10 1784

Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауын сілтеме жасай отырып хабарлауынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына циклон әсер етеді.

Астана. 25 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында найзағайлы жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауын сілтеме жасай отырып хабарлауынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына циклон әсер етеді.

Онымен найзағайлы өткінші жаңбырлар, күшті желдер күтілуде, жекелеген жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Атап айтқанда, Ақмола, Жамбыл, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-23 м/с жылдамдықта жел соғып, бұршақ жауады. Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде де бұршақ жауады, тұман басып, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Ақтөбе, Қостанай,Павлодар, күндіз Алматы, түнде Маңғыстау облыстарында секундына 15-20 метр күшпен жел тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с екпінмен соғатын желдің күші кей уақыттары 23-ке жетуі ықтимал. Күндіз жекелеген өңірлерде шаңды дауыл соғады. Қызылорда, Қарағанды облыстарында шаң аралас жел соғады, оның күші секундына 15-20 метрді құрайтын болады.

Астанада бүгін ауа райы - құбылмалы, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с екпінде соғатын желдің күші кей уақыттары 18-ге жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз +17+19, түнде +8+10 градус. Алматыда - ауа райы жауын-шашынсыз, аздап бұлтты. 5 м/с күшпен жел соғады. Температура Цельсий бағамы бойынша күндіз +28, +13+15 градус болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны