09.06.2011, 13:20 3046

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, Қазақстанның басым аумағының ауа райына атмосфералық ағым бөліктерімен байланысты циклон әсер етеді, сондықтан, жекелеген жерлерде жаңбыр, найзағай, ұйытқыма желдер күтілуде. Кей аумақтарда бұршақ түсуі ықтимал.

Алматы. 9 - маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, Қазақстанның басым аумағының ауа райына атмосфералық ағым бөліктерімен байланысты циклон әсер етеді, сондықтан, жекелеген жерлерде жаңбыр, найзағай, ұйытқыма желдер күтілуде. Кей аумақтарда бұршақ түсуі ықтимал.

Атап айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан, түнде Қызылорда және Алматы облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Маңғыстау облысындағы сулы нысандардың жағалауын күндіз және түнде тұман басуы ықтимал.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ, "Қазгидрометтің" гидрометеорологиялық болжамдарына сәйкес, алдағы тәулікте Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның өзге сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны