16.11.2011, 10:42 3705

Қазақстанның басым аумығында қар жауады деп күтілуде

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық тұтас ағым ықпалында болуынан, жауын-шашындатып, қар жауып, бұрқасындатып, екпіндетіп жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы. 16-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумығында қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып хабарлауынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық тұтас ағым ықпалында болуынан, жауын-шашындатып, қар жауып, бұрқасындатып, екпіндетіп жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Астанада ала бұлтты, кейде қар жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 18 м/с, ауа температурасы -2-4ИС болады.

Алматыда ала бұлтты, кейде қар жауады, батыстан 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +2+4ИС.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде қар жауады Ақмола, Қостанай облысында қар жауып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, Қостанай облысында бұрқасындатып, ауа температурасы 0-5ИС болады. Солтүстік Қазақстан облысында аздап қар жауып, 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы -3-8ИС болады. Павлодар облысында қар жауып, ауа температурасы 0-5ИС болады.

Қарағанды облысында аздап қар жауып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы -2-7ИС болады. Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, ауа температурасы -1-6ИС болады.

Республиканың оңтүстігінде кей жерлерінде жауын-шашын. Алматы және Жамбыл облысында жауын-шашын күтілмейді, Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, ауа температурасы сәйкесінше +1+6 және -3+2ИС. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде қар, тұман, көктайғақ, жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді, ауа температурасы +3+8ИС болады. Қызылорда облысында аздап жауын-шашын, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы 0+5ИС болады.

Республиканың батысында қар жауады. Ақтөбе облысында аздап қар жауады, кей жерлерінде бұрқасындатады, көктайғақтанып, желдің екпіні 15-20 м/с болып, қар суырып, ауа температурасы 0-5ИС болады. Атырау облысында да жауын-шашын, Маңғыстау облысының кей жерлерінде екпіндетіп 15-23 м/с жел соғып, ауа температурасы 0-5ИС және 0+5ИС болады. Батыс Қазақстан облысында жауын-шашындатып, тұман түседі, көктайғақтанып, кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ауа температурасы -3-8ИС болады.

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік аумағындағы өзен-көлдерде мұз қату үдерісі жалғасады, республиканың шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қатуы себепті мұз тоспалар пайда болуынан, су деңгейі күрт көтерілуі ықтимал. Оның ішінде Ертіс және Қалжыр т.б. өзен деңгейі көтерілуі ықтимал. Республиканың оңтүстігі мен оңтүтсік-шығысындағы өзен көлдерде су біртіндеп суыта береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны