26.01.2015, 09:03 4643

Қазақстанныӊ басым бөлігін аяз буып тұр

Республиканыӊ оӊтүстік-шығысында фронтальдық ағындардыӊ өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жер-жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан аумағыныӊ басым бөлігі бұрынғыша антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Республиканыӊ оӊтүстік-шығысында фронтальдық ағындардыӊ өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жер-жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Маӊғыстау, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысыныӊ кейбір жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман болады деп күтілуде. Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ кей аумақтарында көктайғақ.

Қарағанды, Қызылорда облыстарында түнде қатты аяз болады. Алматы облысыныӊ кейбір өӊірлерінде, сондай-ақ солтүстікте шыӊылтыр аяз күтіледі. Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ солтүстігінде, Маӊғыстау облысыныӊ жер-жерлерінде де аяз күшейеді деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны