05.03.2011, 15:02 3793

Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде

Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 5 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новостиа агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде аяз сақталады. Батыста және республиканың солтүстігінің кей жерлерінде боран, оңтүстітке - тұман болады күтілуде.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыша антициклонның әсерінде болады. Республиканың батысы мен солтүстік-батысна циклон өтіп, аймақтардың кей жерлерінде қар жауып, желдің күшейіп, боран соғады деп күтілуде", - деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметтеріне сәйкес Қостанай, Ақмола облыстарында да жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететі боран соғады деп күтілуде. Батыс-Қазақстан облысында күндіз - кей жерлерде боран, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде секундына 17-22 метрге дейін жел соғады деп күтілуде.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау облысында - кей жерлерде көк тайғақ болады. Алматы облысында да көк тайғақ, тұман болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны