17.10.2011, 09:56 3587

Қазақстанның бірқатар аймақтарында ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша, 17-18 қазанда Батыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 0-5-ке, күндіз 3-8-ке төмендейді, жекелеген жерлерде 11 градус жылылықты көрсетеді.

Алматы. 17-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар аймақтарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, 17-18 қазанда Батыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 0-5-ке, күндіз 3-8-ке төмендейді, жекелеген жерлерде 11 градус жылылықты көрсетеді.

17-19 қазан күндері Қостанай облысында, 18-19 қазанда Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында күн райы күрт бұзылып, жаңбыр жауады, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-23-ке дейін көтеріледі, температура бағамы түнде 2-7, күндіз 3-8-ге дейін төмендейді, кей аумақтарда 13 градус жылы болады.

18-19 қазан күндері ауа пайы Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында да өзгереді. Аймақтарда жаңбыр жауады, солтүстіктен 15-23 м/с екпінмен жел соғады, түнде 0-5, күндіз 7-12 градусқа дейін үскіріктер жүреді. Кей аумақтарда 3 градус жылы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны