27.09.2006, 12:27 3416

Қазақстанның даму институттарының директорлары кеңесінің құрамы өзгертілді

АСТАНА. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанның даму институттарының директорлары кеңесі мен басқармаларының құрамы өзгертілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Қазына" тұрақты даму қорының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ директорлар кеңесі мен басқармасының жаңа құрамын бекітіліп, директорлар кеңесінің жаңа құрамын бұрын "Қазына" АҚ-ының басқарушы директоры болып істеген Мақсат Қабашев басқаратын болды. Директорлар кеңесінің құрамында сондай-ақ "ҚИҚ" АҚ басқарма төрағасы Зейнолла Кәкімжанов, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Болат Палымбетов, "Қазына" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Исет Исекешев, "Қазына" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Ғосман Имрин, Қазақстан даму банкінің президенті Асқар Сембин, ҚР Индустрия және сауда министрлігі департаментінің директоры Бақыт Ержанов бар.

Басқарма құрамында да өзгерістер орын алды. Бұрын "Ұлттық инновациялық қор" АҚ басқарма төрағасы болып істеген Талғат Көкенов, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ департаментінің директоры болған Елена Юнусова, ОҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мұқан Сағындықов "ҚИҚ" АҚ басқармасының мүшелері болып тағайындалды.

Зейнолла Кәкімжанов пен Тагир Сейсембаев тиісінше "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ төрағасы және басқарма мүшесі болып қайта тағайындалды.

Сондай-ақ, бүгін "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ директорлары кеңесінің құрамына да өзгерістер енгізілді. Қордың директорлары кеңесін "Қазына" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Ғосман Имрин басқаратын болды.

Толымбек Манақбай "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқармаларының төрағасы болып қайта тағайындалды. Оның орынбасарлары болып бұған дейін "Экспорттық операциялар мен несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы" басқармалары төрағасының орынбасары болған Олег Квятковский мен ҚР индустрия және сауда министрлігінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнаулы экономикалық аймағының директоры болған Мұрат Иманқұлов тағайындалды.

"Бұл өзгерістер үкіметтің 2006-жылғы 15-сәуірдегі "Президенттің 2006-жылғы 16-наурыздағы жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы" қаулысы мен 2006-жылғы 25-тамыздағы "Республика үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес барлық даму институттарының акцияларын "Қазына" АҚ-ның иелігіне беру жөніндегі тапсырманы орындауға байланысты жасалды", деп хабарлайды "Қазына" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны